Павлордар облысының Успен ауданындағы балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан бір үйдің 5 баласын ерлі-зайыптылар асырап алды. Апалы-сіңлі Татьяна, Валентина, Клавдия, Александра және олардың бауыры Геннадий енді Вадим мен Тамара Мороздың өз балалары. Бұл туралы pavon.kz порталы жазып отыр.
"Оларды алғаш көрген күні-ақ өзіміздің балалар екенін түсіндік. Құжаттарды рәсімдеп жатқан кезде оларды демалыс күндері, мереке күндері үйге әкеліп тұрдық, қыдырттық, бір-бірімізге бауыр бастық. Балалар өте тәрбиелі, ақкөңіл. Оларға ата-ананың жылулығы жетіспейді. Біз оларға осы жылулықты беруге мүмкіндік алғанымызға қуаныштымыз", - дейді Тамара Мороз.
Ол балалар үйінде тәрбиеші болып жұмыс істейді. Ал, отағасы "Киров" ЖШС-де механик қызметінде. Үйдегі жалғыз ұлын Вадим өз кәсібіме баулыймын деп шешіп қойған.
Татьяна мен Вадимнің ересек балалары бар. Олар ата-анасының мұндай шешімін бірауыздан қолдапты. Тіпті, қажет болған жағдайда көмектесуге дайын екендіктерін айтып отыр.