$ 498.34  519.72  4.85

Түріктер Анкарадағы көшелердің біріне Жамбыл Жабаевтың есімін берді

Түрік ағайындар ел астанасы Анкарада жаңа көшелердің біріне қазақтың көрнекті ақыны Жамбыл Жабаевтың есімін берді. Бұл туралы отандасымыз Ержан Жүнісов өзінің Facebook-парақшасында жазған.

«Түркияның бас қаласында дүбірлі той! Бүгін Анкараның Кечиөрен ауданындағы көшеге жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың есімі берілді. Жаңа көше айтыс өнерінің дүлдүлі, ақиық ақын Сүйінбай Аронұлының саябағы жанынан салтанатты түрде ашылды. Құтты болсын!», - делінген аталған жазбада.

Айта кетейік, Түркияның төрт бірдей қаласында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен аталатын көшелер бар. Олардың ең алғашқысы 2011 жылы Невшехир қаласында пайда болса, 2012 жылы Қыршехир қаласындағы көшеге де Елбасының аты берілді. Сондай-ақ, Гебзе және Адана қалаларында да Н.Назарбаев көшелерінің бар екенін айта кету керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары