$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбеде 11 баланы бауырына басқан ана тағы 4 сәбиді асырап алмақшы

Ақтөбеде 11 жетім баланы бауырына басқан Амангүл Ешпанова тағы 4 бүлдіршінді қамқорлыққа алғысы келеді. Ол үшін үй-жайын кеңейтіп, қосымша бөлме салып жатыр деп жазады Хабар-24.

Жолдасы Өмірхан Жетесов екеуі балаларды өнерге баулып, отбасылық ансамбль құрған.«Шашу» отбасылық ұжымы талай байқаудың бас жүлдесін жеңіп алыпты. Балалардың әрқайсының өз аспабы бар. Бірі дауылпазда, бірі баянда, енді бірі домбыраның құлағында ойнайды. Жасы кішілері шылдырмақты меңгеріп алған. Жаз мезгілінде ансамль құрамы толық болмайды. 2 бала EXPO көрмесіне кеткен, енді екеуі лагерде демалып жатыр.

Өнер саласында жүрген жұп Өмірхан мен Амангүл басында балалар үйіне демеушілік көрсетіп жүрген. Өздерінің 3 баласынан артылғанды сол жаққа таситын. Ойлана келе балаларды қамқорлыққа алуды шешеді. Басында 3 бала, кейін 8 баланы бауырларына басады. Содан бері 10 жылға жуықтады. Сырқат баланы емдетіп, аяғынан тұрғызды. Алды 23 жасқа толып, колледж тәмамдады.

Амангүл Ешпанова, көп балалы ана:

- Басты қағида – тәрбие, тәртіп. Өйткені олардың тәртібі дұрыс болмаса, біздің айтып отырған күнделікті сабақтарымыздың бәрін тоқи алмаса, тәрбиесі дұрыс болмаса, ол баладан не сұрауға болады? Ол мектепте де, жүрген ортасында , қай-қайда да жақсы болмайды. Сондықтан тек тәрбие мектебін беріп отырмыз.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары