$ 443.35  475.54  4.82

Алматы салықшылары жарты жылда бюджетке 881 млн теңге пайда түсірді

Алматы қаласы еліміздің ең ірі экономикалық орталығы саналады. Оңтүстік астана бизнес бастамалар мен инновациялық идеяларды жүзеге асыруға ыңғайлы шаһарлардың бірі. Елдегі барлық салық және салықтық емес түсімнің, сауда операцияларының ең жоғарғы үлесі Алматыға тиесілі. Алматы Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлері қаланың жартыжылдықтағы салық түсімдеріне қатысты ресми ақпараттарымен бөлісті.

Департамент мамандарының берген мәліметіне сәйкес, 2017 жылдың бірінші жартыжылдығындағы алдын ала есептелген салық түсімі 107 пайызға тең болып, артығымен орындалған. Жоспар бойынша 821 395 млн.теңге белгіленген екен. Ал бюджетке 881 398,6 млн.теңге жиналыпты. Өткен жылмен салыстырсақ, биылғы салық түсімі 114%-ды құрап, 110 925 млн. теңгеге көбейген.

Ал республикалық бюджетке биылғы жылдың 6 айында 645 186,8 млн.теңге құйылды. Бұл белгіленген жоспардан 3 009 млн.теңгеге артық. Яғни, салық түсімі 109 пайызға немесе 51 071 млн.теңгеге жетті. Салық және кедендік төлемдер бойынша 641 631,9 млн. теңге жиналған. Белгіленген межеден 246 млн. теңгеге асып түскен. Салықтық өсім 109%-ға немесе 50 311 млн.теңгеге тең. Жергілікті бюджетке алты айда 236 211,7 млн. теңге кіріс кіріп, белгіленген жоспар 132 пайызға артығымен орындалған. Өткен жылмен салыстырсақ, биылғы салықтық өсім 59 853 млн. теңгеге жетеді. Ал мемлекеттік кірістер қарауына кіретін төлемдер бойынша 8 866 млн. теңге жиналған.

Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаменті жартыжылдықтағы салықтық түсімдер бойынша жоспардың артығымен орындалуын салық реформасымен байланыстырады. Салық жүйесінің қызмет көрсету сапасы да биыл өткен жылмен салыстырғанда жақсара түскен. Мысалы, 2016 жылы – 41 болса, 2017  жылы – 35-орынға дейін көтерілді.

Еске салсақ, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке кәсіпкерлердің тіркелуі хабарлама түріне ауыстырылды. Кәсіпкерден талап етілетін ақша айналымы туралы құжатты дайындау мерзімі 5 күнге дейін қысқарған болатын. Салық төлеу, жіберу операцияларының басым бөлігі электронды жүйеге көшірілді. «Модератор», «Электрондық кезекті бақылау» жобалары да оң нәтиже көрсете бастады. Одан бөлек, мобильді орталықтар да салық төлеу саласына жаңа серпін алып келді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары