$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбедегі «Greenhouse Kazakhstan» жылыжай кешені аумағын тағы 20 гектарға ұлғайтпақ

Бұған дейін жылыжай десе көз алдымызға бірден Оңтүстік Қазақстан облысы елестейтін. Өйткені, жылыжай жүйесі осы облыста ерекше дамыған. Қысы-жазы өнім беретін полиэтилен жабындылары кейінірек еліміздің өзге өңірлерінде тәжірибе ретінде салына бастады. Артынша тәжірибе өз нәтижесін беріп, бүгінде тек Оңтүстік Қазақстан облысында ғана емес, солтүстік, батыс, шығыста да жылыжайлар жыл он екі ай өнім бере бастаған.

Осындай керемет кешендердің бірі Ақтөбе облысында бар. Биыл сәуір айындға ғана пайдаға аса бастаған жылыжай бүгінге дейін 2,5 мың тонна көкөніс беріп үлгеріпті. Жылыжай аумағы 9,5 гектар. Облыстағы бірегей жобаны жүзеге асырып отқан «Greenhouse Kazakhstan» ЖШС енді егіндік алқабын кеңейтпекші. Яғни жылыжай кешені 9,5 гектардан бірден 20 гектарға дейін ұлғаяды.

 «ҚазАгро» холдингі» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, инвестициялық жоба «ҚазАгро» ұлттқ холдингінің желісі бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы Ұлттық қордың қаражаты есебінен 4,2 млрд.теңге сомасына қаржыландырылды. Кәсіпорынның өндірістік қуаты – жылына 6 500 тонна қияр және қызанақ. Өнім қазақстан нарығына шығарылады. Осы ретте өсірілген өнімнің 50%-на дейінгісі көрші Ресей елінің солтүстік өңірлеріне экспортталады.

«Greenhouse Kazakhstan» жылыжайы жаңа ұрпақтың - Ultra-Clima жобасы болып табылады. Онда қолданылатын технологиялар Ақтөбе облысының қажеттілігін жеке өндірісі есебінен жас көкөністермен толық қамтамасыз етуге, сондай-ақ өнімді республикадан тысқары жерлерде тиеп жөнелтуге мүмкіндік береді.

Кәсіпорында 120 қызметкер жұмыс істейді. Голландиядан келген маманның басшылығымен жергілікті кадрларды өсімдік шаруашылығы процессіне және агрономияға оқыту жүзеге асырылады.

Ақтөбе облысындағы жаңа жылыжай кешеніне ұқсас жоғары технологиялық инвестициялық жобаларды «ҚазАгро» ұлттық холдингі 2007 жылдан бастап қаржыландыратынын еске саламыз.  Жалпы, осы кезең ішінде Холдингпен жалпы құны 303 млрд.теңгенің 506 инвестициялық жобасы іске қосылды, 15,8 мың жұмыс орны құрылды.

2017 жылғы 1 шілдедегі жағдайда «ҚазАгро» холдингінің инвестициялық қоржынында жалпы құны 335,2 млрд.теңгенің 530 инвестициялық жобасы бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары