$ 498.34  519.72  4.85

Таразда «Руханият» орталығы ашылды

«Рухани жаңғыру» ең алдымен жастарымызды қамту керек. Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында осылай дейді. Яғни, қоғамдық сананы жаңғыртуда жастарға айтарлықтай мән берілмек. Өйткені, жастар – Қазақстанның болашағы, жарқын болашақтың кепілі.

Осы бағдарлама аясында бүгінде еліміздің барлық өңірінде сананы жаңғыртуға бағытталған шаралар мен жобалар жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, күні кеше Таразда шығармашыл жастарға арналған «Руханият» атты орталық ашылды. Жоба авторы – Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі. Білім ордасының ұжмы осыл айша рухани мұраларымызды жаңғыртамыз деп құлшынып отыр.

Жаңа орталықта студент жастар қоғамда талқыланып жатқан өзекті мәселелерді ортаға салып, өз ойларымен бөлісе алады. Сонымен қатар, түрлі жобаларды да тамашалап, талқыға салуға мүмкіндік бар.

Ал, орталықтың алғашқы отырысы Ұлт жоспарының негізгі мақсаты – үздік отыздыққа ену тақырыбын талқылаудан басталды. Белсенді жастар Қазақстан әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосылуы үшін қандай қадамдар жасау керектігін саралап, оған жастардың қосатын үлесі жайында сөз етті.

«Қазіргі таңда біздің мақсатымыз сапалы білім алып, білікті маман болып шығу. Оған қоса, патриоттық сезімімізді жоғалтпауымыз тиіс. Әрбіріміз дәл осылай тәрбиеленсек, қоғамдық сананы жаңғырту жүзеге асады», - дейді колледж студенті Нұрғиса Қанатов.

Тағы бір қуанарлығы, бір ғасырға жуық тарихы бар білім ордасында атадан қалған мұраларымызды, ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарын жасау ісі ерекше қолға алыныпты. Ал, елдікінен ерекше, үздік деп танылған қолөнер туындылары арнайы көрмеге қойылады. Бұл, студенттер арасында бәсекелестікті арттырады дейді ұстаздар.

«Бұл жұмыстар түрлі көрмелерге барып жатыр. Астанаға, Алматыға, шетелдегі көрмелерге де бардық. Қазақтың өнері қандай екенін, осы өнер арқылы көрсетуге таныстыруға бағыттап жатырмыз», - дейді, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің бөлімінің меңгерушісі Алмагүл Сапақова.

Айта кетейік, Елбасының биыл сәуір айында жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген 6 басым бағытты жүзеге асыру жұмыстары Жамбыл облысында да атқарылып келеді. Мәселен, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы аясында өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтардың тізімі әзірленіп, Астанадағы жұмыс тобына ұсынылса, «Қазақстанның киелі жерлерінің картасына» Айша бибі кесенесі бастаған Жамбыл облысының киелі орындары енгізіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары