$ 498.51  522.84  4.81

ОҚО-да салт-дәстүрді насихаттауға бағытталған іс-шаралар легі өтті

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттау мақсатында «Ғаламат» қоғамдық бiрлестiгi «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кiтапханасымен бiрлесiп «Жақсы дәстүр – отбасының тiрегi» тақырыбында бiрнеше кездесу ұйымдастырды.

Аудан, қалаларда өткен кездесулерге жергiлiктi тұрғындар, оқырмандар, студенттер мен оқушылар, жас және көпбалалы отбасылар қатысып, ойларымен бөлiсiп, пiкiр алмасты. Отбасы күнiне арналған кешке қонақ ретiнде қатысқан кiтапхана директоры К.Айдарбекова, облыстық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының директоры Ж.Тағаев, ОҚО дiн iстерi басқармасының дiн мәселелерiн зерттеу орталығының маманы Ұ.Алиакбарұлы, облыстық әйелдер кеңесiнiң төрайымы Б.Жандосова, психолог Г.Малғайдарова отбасы және оның құндылықтары мәселесiн дiни, әлеуметтiк-экономикалық, саяси және психологиялық тұрғыдан жан-жақты талдады.  Ардагерлер кеңесi, әжелер алқасы мүшелерi, мұғалiмдер мен ардақты аналар тәжiрибелерiмен бөлiсiп, ұрпақ тәрбиесi төңiрегiнде жан-жақты ой қозғап, жастарға батасын бердi.

«Ғаламат» қоғамдық бiрлестiгi түсiрген бейнебаяндар мен деректi фильмдер көпшiлiкке ұсынылып, талқыланды. Кездесуге қатысқан фильм кейiпкерлерi ұлттық салт-дәстүрiмiздi, әдеп-ғұрпымызды қастерлеп, сақтауға шақырды. Жоба аясында «Отырар» телеарнасы студиясында облыстық әйелдер кеңесi, «Арулар» әйелдер клубының мүшелерi, БАҚ өкiлдерi мен жастардың қатысуымен «Берiк отбасы – күштi мемлекет» атты телехабар түсiрiлдi. Телехабарға қатысқандар бақытты отбасын құру және сақтау мәселесi төңiрегiнде ақыл-кеңестерiн айтып, бағыт-бағдар бердi. Педагогтар әулетi Ибашевтар, спортшылар әулетi Төлегеновтер өмiрлiк тәжiрибелерi жайында әңгiмелеп, бала тәрбиесiндегi ұстанымдарын айтты.

Жоба аясында «Жақсы дәстүр – отбасының тiрегi» атты ақпараттық-әдiстемелiк кiтапша шығарылды. Осы тақырыппен Шымкент қаласындағы орталық көшелерге 2 билборд iлiндi. Ұлттық салт-дәстүр мен әдеп-ғұрыпты насихаттаған екi бейнеролик дайындалып, жергiлiктi телеарнадан көрсетiлдi. Жоба бойынша сенiм телефоны қызмет атқарады. Бүгiнгi таңда сенiм телефонына отбасылық жағдай бойынша түскен 50-ден аса сұраққа психолог жауап беруде. Өткен жылы сенiм телефонына тек облыс тұрғындары қоңырау шалса, қазiр елiмiздiң өзге өңiрлерiнен де сұрақтар мен ұсыныстар түсуде. Атқарылып жатқан iс-шаралар отбасының бұзылуына жол бермеудi, ондағы зорлық-зомбылық әрекеттерiне тосқауыл жасауды көздейдi.

Дана МАМАНОВА, 
«Ғаламат» қоғамдық бiрлестiгiнiң төрайымы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары