$ 498.51  522.84  4.81

Каспий теңізіне жаңа кемелер жіберілді

Қазақстан мухиттан тысқары жатқан елдердің қатарында болса да, елімізде су қатынасы инфрақұрылымы оң жолға қойылып келеді. Атап айтқанда, Қазақстан Каспий теңізі елдеріне өз өнімдерін су көліктері арқылы экспорттауды бастап кеткен. Әсіресе, 2 жыл бұрын қабылданған «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында осынау бацаныс түрін дамытуға айрықша көңіл бөлініп, ілкімді істер атқарылды.

Осындай игі шара бүгін Ақтау портында кезекті рет орын алды. Мұнда «Қазақтеңізкөлікфлоты» компаниясының ұйымдастыруымен  «Ембі» және «Талас» (буксир) сүйреткіш кемелерін салтанатты қабылдау рәсімі өтті. 

Жоба «Қазақтеңізкөлікфлоты» үшін үш сүйреткіштің толық жабдықталуын қамтамасыз ету мақсатында «Damen»  кеме жасау компаниясы және  «Al Hilal» Ислам банкі мен Отандық теңіз флоты арасында қаржылық келісімнің шартына сәйкес жүзеге асырылуда. Үшінші сүйреткіш кемесін жабдықтау жұмыстары келесі жылы аяқталады деп күтілуде. «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы су жаңа қуатты заманауи буксир есебінен отандық флот бірліктерін ұлғайтты.

Салтанатты шарада сөз алған Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов: «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Каспий аймағы еліміздің экономикалық өнімінің ең маңызды бөлігі екенін айтып келеді. Соның ішінде мұнай өндіру саласында қызмет жасап жатқан компаниялардың рөлі зор. «Теңізшевройл» компаниясының болашақта мұнай өндіру мүмкіндігі одан әрі кеңейтіледі. Соған орай үлкен жобаны жүзеге асыру – басты мақсатымыз. Бүгінгі іс-шара соның үлкен бастамасы деп айтуға болады. Маусым айында басталған жоба қысқа  мерзімде аяқталды. Голландияның ең ірі үлкен компаниясында жасалған буксирлер Маңғыстаудың ғана емес, жалпы ел экономикасына  пайдасын тигізетіні сөзсіз. Алдағы уақытта атқарылатын жобалардың ақша айналымына ғана емес, еліміздің, соның ішінде облыстың тұрғындарын жұмыспен қамтуға, отбасын асырауына мүмкіндік туғызады», - деп атап өтті.

Ұзындығы 27 метр және ені 9 метр буксирлер Солтүстік Каспийдің суы тайыз аймақтарында жүзеді. Буксерлердің негізгі міндеті кемелерді сүйреу, ассистенттік қызметтерді ұсыну, навигациялық көмек көрсету және зәкірлерді өңдеу. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Қазақтеңізкөлікфлоты» су жаңа кемелерді толықтыру арқылы даму стратегиясын  бірізділікпен және кезең-кезеңмен іске асырады. Бұл Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеру бойынша жобалар шеңберінде компания ұсынатын қызметтер аясын кеңейте түспек.

Жаңа сүйреткіштер тереңдігі шектелген аймақтарда жұмыстарды жүйелі жүргізу үшін жоғары талапқа сай жабдықталған. Сондықтан Ақтау теңіз порты аймағындағы көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту үшін аталған кемелердің маңызы зор.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары