Мемлекет басшысының тапсырмасын ескере отырып, Астана қаласының 2020 жылға дейінгі дамыту бағдарламасы қабылданды, деп айтты халықпен есептік кездесуінде қала әкімі Әсет Исекешев.
Бағдарламаның негізгі бағыттары: әрбір адам және отбасыайналасындаортаның сапасын жақсарту. Ол мемлекеттік қызметтер: білім беру, денсаулық сақтау, қоғамдық көлік, экология, қауіпсіздік, тұрғын үй жағдайын жақсарту салаларын қамтиды.
«Екінші - халықтың табысын арттыру. Біздің міндетіміз қаламыздың әр тұрғынынын табысының артуына жағдай жасау,яғни әрқайсысына табыс табуға мүмкіндік беру немесе өз бизнесін ашуға қолайлы жағдай жасау», - деді Ә.Исекешев.
Сонымен қатар, қала халқының саны жыл санап артуда.
«Қала тұрғындарының саны қазіргі күнде миллионнан асты және жыл сайын артуда. Кейінгі 10 жылда қала халқының саны 400 мыңға өскен, бұл аймақтық қалалар Павлодар, Өскемен халқының санымен тең. Бұл факторлар бізден теңгерімді тәсілді талап етеді және қала тұрғындарының тыныс-тіршілігінің қарқынды дамуы бойынша барлық маңызды салаларды қамтиды. Әрине әрқайсысына бірінші кезекте өз үйінің болуы маңызды, онсыз ешбір жайлылық туралы айтуға келмейді», - деді қала әкімі.