Спорт журналисі әрі блогер Олжас Оқас Алматыдағы «Барыс» автобазарында сатылып жатқан «Mersedes» автокөліктерінің бағасына шолу жасады. Видео youtube видео-порталында жарияланды.
«Сәлем, дастар! Бүгін біз «mersedes-тердің» бағасына шолу жасайтын боламыз. 1994 жылғы. Қозғалтқыш көлемі – 2,2. Бағасы – 1 млн 700 мың теңге. Мынау 1991 жылғы. 1 млн 200 мың теңге сұрап тұр. Ары қарай кеттік. «Mersedes»-тің С нұсқасы. 1995 жылғы. 1 млн 400 мың теңге сұрап тұр. Қозғалтқыш көлемі – 2,8», – деп жүргізуші 20-ға жуық көлікті көрсетеді.
Сөз соңында блогер өткен жылғымен салыстырғанда көлік бағаларының 200-300 мың теңгеге қымбаттағанын айтты.