$ 491.7  531.28  5.07

Қазақстанда әскери ұшқыштардың жалақысы екі есеге өсетін болды

Әскери ұшқыштардың еңбекақысы өсетін болды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде әскери білім беруді дамыту тақырыбындағы Үкімет сағатында ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов мәлім етті, деп жазды ҚазАқпарат.

«Бүгінде бізде ұшқыштар құрамының әскерден жиі кетуі жағдайы қалыптасып отыр. Өткен жылы 25 адам жұмыстан кетіп қалды. Атап айтқанда, олар еңбекақы сомасы 1,5 млн теңгеге жететін Air Astana, SCAT компанияларына ауысуда. Ресейлік әріптестеріміз, яғни дәл осындай ұшқыштар 800 мың рубль көлемінде айлық алады. Ал біздің бірінші санаттағы ұшқыштар 270 мың теңге айлық алып келеді», - деді министр.

Осы орайда, С.Жасұзақова әскери ұшқыштардың жалақысын көтеру туралы ұсынысын Президент қолдағанын атап өтті.

«Бұл мәселе бойынша Мемлекет басшысына хат жаздым. Президент қолдау білдіріп, ұшқыштар құрамына еңбекақыны екі есеге көтеру үшін Үкіметке тапсырма берді. Кем дегенде аталған соманы 450-500 мың теңгеге жеткізу ескеріліп отыр», - деді ведомство басшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары