2015 жылдың қаңтар және мамыр айларының аралығында «Астана Моторс» Қазақстан мотор компаниясының құрамына кіретін BMW AG концернінің эксклюзивті импортшысы «Бавария автоорталығы» BMW, MINI және Rolls-Royse маркалы 130 автокөлік өткізген, бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 24%-ға артық, яғни былтырғы көрсеткіш 105 автокөлік деп хабарлайды «Астана Моторс» баспасөз қызметі.
Қазақстан автонарығының премиум-сегментіндегі BMW және MINI маркаларының нарықтық үлесі осы жылдың бес айының қорытындысы бойынша 11%-дан 13%-ға дейін артты.
2015 жылдың қаңтар-мамырында сатылымдар бойынша көш басында — BMW Х5, екінші орынды өзара жаңа Х6 мен 5-сериялы BMW бөлісті.
Қазақстандық импортшы BMW және MINI сатылымдарының артуын Ресей мен Қазақстан нарықтары арасындағы бағаларды теңдестіру жөніндегі шаралармен байланыстырып отыр.
Бұған қоса осы жылы BMW-ның модельдік қатары жаңа көліктермен толықты: қаңтар айында Қазақстан нарығына Х6 кроссоверінің жаңа буыны шықты, содан соң жаңа спорттық Х5М және Х6М келді. Шілдеде нарыққа өңделген 6-серия, ал жаз соңында Х1 кроосоверінің жаңа буыны шығады. Жыл соңында көптен күткен жаңа 7-сериялы BMW нарықты «дүр сілкіндірмек».