17.06.2015, 18:00

АҚШ долларына алғаш рет әйел суреті бейнеленбек

www.publicdomainpictures.net

Он АҚШ долларына алғаш рет әйел суреті бейнеленбек.

Бұл құрметке кім лайықты екенін америкалықтардың өздері таңдауы тиіс. Бұл туралы тілшілерге АҚШ Қаржы министрі Джейкоб Лью хабарлады, деп жазады ТАСС.

«Алғашқы банкноттарымыз айналымға енгізілген кезден бастап валюталық купюралардағы бейнелерді тек бірнеше рет ауыстырдық, мен жаңа «ондықтардың» жүз жылдан астам уақыт өткеннен кейін алғаш рет әйел бейнесі салынғалы тұрғанын мақтан етемін», - деді ол. 

Нақтырақ айтқанда, 2020 жылы АҚШ Конституциясына әйелдерге дауыс беру құқығын берген 19-шы түзету енгізілгеніне жүз жыл толады. Лью банкноттар осы кезде, сол заңның құрметіне шығарылатынын айтты. 

Бүгінде 10 долларлық банкнотта президент Джордж Вашингтонның тұсында АҚШ Қаржы министрі болған Александр Гамильтон бейнеленген.