$ 498.34  519.72  4.85

«Халық банк» басшылары былтыр 2 млрд теңгеге жуық сыйақы алған

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ директорлар кеңесінің мүшелері 2017 жылы 1 млрд 922 миллион теңге сыйақы алған деп жазады Tengrinews.kz қаржы институтының мамандарына сілтеме жасап.

Бұл қаражаттан кіріс салығы ретінде 191 млн 110 мың теңге ұсталса, зейнетақы қорына 16 млн 140 мың теңге аударылған.

Halyk Bank сайтындағы ақпаратқа сәйкес, компанияның директорлар кеңесі 14 адамнан тұрады. Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Павлов болса, Басқарма төрайымы - Үміт Шаяхметова. Осылайша, жоғарыда аталған соманы осы 14 адамға шаққанда олардың әрқайсысы бір жылда шамамен 137,320 млн теңге сыйақы алған.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ баспасөз қызметі 2017 жылы расымен де осыншама сыйақы бөлінгенін растап отыр. Дегенмен, 14 адамның қайсысы нақты қанша теңгеден алғанын мәлімдеген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары