$ 494.87  520.65  4.91

Ұлттық банк жанынан жаңа компания құрылды

Қазақстанның Ұлттық банкі "Баспана" ипотекалық компаниясын құрды деп хабарлайды реттеушінің баспасөз қызметі.

Қаржы реттеушісінің еншілес компаниясы "7-20-25" мемлекеттік бағдарламасының операторы қызметін атқарады. Бұл мемлекеттік бағдарлама Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастамасымен қолға алынып, қазақстандықтарға арзан ипотекалық несие ұсынады.

Ипотекалық несиені келесі шарт бойынша ала аласыз: жылына 7% пайыздық үстеме, бастапқы жарна көлемі 20%, несиелеу мерзімі — 25 жыл.

Дереккөз: Sputniknews.kz



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары