$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда тұрғын үй бағасы төмендеуде

ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің есебінше, еліміздегі тұрғын үй бағасы маусым айында 0,2%-ға арзандаған. Яғни, тұрғын үйдің бір шаршы метрі 222 406 теңгеге дейін төмендеген.

Тұрғын үйдің стандартты құнына сәйкес, көп қабатты тұрғын үйдің 1 шаршы метрі маусым айында 173 013 теңге, жер үйдің 1 шаршы метрі 100 675 теңге болып белгіленген. Бұл мамыр айымен салыстырғанда 0,1%-ға төмен.

Ал, жалға берілетін көп қабатты тұрғын үйдің 1 шаршы метрі 1269 теңге көлемінде белгіленген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары