Қытайдың экспорт-импорттық банкі Қазақстанға тас жол құрылысын жүргізуге 730 млн доллар көлемінде несие беруді жоспарлап отыр деп жазады Qazaqtimes.com.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Қаржы министрлігіне «Астана-Қарағанды-Балқаш-Күрті-Қапшағай-Алматы» «Қарағанды-Бұрылбайтал», «Қарағанды-Балқаш» тас жолының «Орталық-Оңтүстік» дәлізін қайта салу» жобасы бойынша Қытайдың экспорт-импорттық банкіне «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 727 млн. 212 мың доллар көлеміндегі заемына мемлекеттік кепілдік құжаттарын дайындап, ұсыну тапсырылған.
Жалпы, Қазақстанның сыртқы қарызы 2016 жылдың желтоқсан айындағы көресткіш бойынша 163 758 миллиард долларды құраған. Оның ішінде Нидерландыға 47,3 миллиард доллар, Ұлыбританияға 24, 6 миллиард доллар, АҚШ-қа 12,9 миллиард доллар, Қытайға 12,6 миллиард доллар, Францияға 11,7 миллиард доллар қарыз.
Бірақ дәл осы мемлекеттердің бірқатары Қазақстанға да қарыз. Атап айтқанда АҚШ 54,9 миллиард доллар, Нидерланды 20,5 миллиард доллар, Ұлыбритания 16 миллиард доллар, Ресей 7,5 миллиард доллар, Германия 4,4 миллиард доллар біздің елімізге қарыз. Жалпы, 2016 жылдың қорытындысы бойынша, өзге елдердің Қазақстан алдындағы берешегі 169, 4 миллиард доллар болған.