$ 444.32  473.33  4.76

АҚШ доллары баяу көтеріле бастады

Ұлттық валюта бір апта бойы өз позициясын жоғалтып, қор биржасындағы жұма күнгі сессияны 334 теңге 22 тиын бағамымен бекітті. Ал, АҚШ доллары осылайша баяу көтеріле бастады деп хабарлады КТК телеарнасы.

Дүйсенбінің өзінде бір АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамы 330 теңгені құрады. Ал бүгінгі таңда Астана мен Алматы қор биржаларында доллар көрсеткіші 335-ке жетті. Кейбір талдаушылардың болжамы бойынша, жазда ұлттық валютаның аздап әлсіреуі жалғасады. Маусым айының ортасында тариф 340 теңгені құрауы мүмкін. Айырбастау пункттеріндегі таблода доллар – 335.10; еуро – 395,5, ресей рублі – 5,40 деген көрсеткіш көрсетіліп тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары