21.06.2018, 17:54

Түркіменстанда күнделікті тұтыну тауарларының бағасы күрт қымбаттап кетті

Түркіменстанда азық-түлік тапшы, тауар тағы қымбаттап жатыр. Қажетті өнімдер мен тауарлар жыл басынан бері бірнеше есеге қымбаттаған. Азатлык тілшісі Дашоғыздағы базарды аралап, тауар бағаларымен танысты.

Азатлык тілшісінің 19 маусымда хабарлауынша, Дашоғызда негінен қант пен ұн тапшы, бұл тауарлар мемлекеттік дүкендерде бола бермейді. Ал базардағы баға мемлекет бекіткен бағадан бірнеше есе жоғары.

Мысалы, 19 маусымда аймақтың сауда нүктелерінде қанттың орташа бағасы 18-20 манат (шамамен 5-6 доллар) болды, ал күріш 13 манатқа саудаланды. Базарда еттің бір келісі 30 манат тұрады. Жеміс-жидек пен көкөніс, су, сусындар, өндіріс тауарлары, шетелде шығарылатын азық-түліктер қымбаттаған.

Түркіменстан Орталық банкінің ресми бағамы бойынша 1 АҚШ доллары 3.5 манат тұрады. Елде валютаны қолма-қол ауыстыруға тыйым салынған. "Қара базарда" 1 доллар 29 манаттан сатылып жатыр.

"Дашоғызда ұн табу қиын. Тұрғындар адам басына үш келі ұн алу үшін бір ай бұрын кезекке тұрады, бірақ аймаққа ұн келіп жатқан жоқ", - деп хабарлады Азатлык тілшісі. Аймақтағы көптеген наубайқаналар жұмысын тоқтатқан.

Өнеркәсіп тауарлары ішінде күкірт қатты қымбаттаған, жыл басынан бері оның құны 14 есеге өскен. Қазір бір қорап күкірт 7 манатқа саудаланып жатыр.