$ 443.44  480.51  4.88

Елімізде темекі қымбаттады

Қазақстанда шілденің 1-нен бастап бөлшек саудада темекі бағасы қымбаттады. Бұған дейін ең арзан шылымның бір қорабы 340 теңге тұрса, бүгіннен бастап оған 20 теңге қосылды (қазіргі бағам бойынша, 1 доллар = 341,08 теңге) деп жадазы Азаттық.

Темекі өнімдерінің бағасы оны кезең-кезеңімен көтеру туралы бұған дейін қабылданған үкімет қаулысына байланысты қымбаттап отыр. Шілденің 1-нен бастап желтоқсанның 31-не дейін бөлшек саудада ең арзан сигарет қорабының бағасы 360 теңге болып белгіленді. Ал, 2019 жылғы қаңтардан бастап оған тағы 20 теңге қосылып, 380 теңге тұратын болады.

Қазақстан билігі бағаны қымбаттату - темекі өнімдерін пайдалану көлемін азайтады және акциздер есебінен бюджетке түсімді молайтады деп түсіндіреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары