$ 444.32  473.33  4.76

Мұнай құны құлдырауы мүмкін

Алдағы уақытта қара алтын құны күрт құлдырауы мүмкін. Қазірдің өзінде мұнай бағасы осымен үшінші апта қатарынан құлдилап келеді, деп жазады almaty.tv арнасы.

"Brent" маркалы мұнайдың бағасы барреліне 56 доллар 32 центті құрады. Ал, "WTI" мұнайының тамыз айындағы фьючерстерінің бағасы барреліне 50 доллар 35 центке тең. Мұнай бағасының бұлай әлсіреуіне Иранның тікелей қатысы бар. Өйткені, ол мемлекеттің ядролық бағдарламасы бойынша, санкциялардың кейбірі күшін жойып, мұнайдың әлемдік нарығына соққы болуы мүмкін. 


«Ираннан санкциялар алынған кезде, әлбетте олар өз мұнайын сата бастайды. Өндірістері барреліне шамамен 1 миллион доллар құрайды. Мұнай көлем нарыққа әсер етеді. Сондықтан, қара алтын құны арзандай бастайды. Болжам бойынша, мұнай бағасы 1 барреліне 50 доллар болуы мүмкін. Бұл мұнай өндіруші және тасымалдаушы елдердің бюджетіне кері әсерін тигізеді», - деді экономист Уәлихан ТӨЛЕШОВ.

Сарапшылар жақын арада, қара маржан құны түспесе, көтерілмейтінін айтады. Әлемдік нарыққа Иран мұнай мөлшерін көптеп шығарса, "WTI" және "Brent" маркілі қара алтынының құны құлдырамақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары