21.07.2015, 09:39

"Бизнестің жол картасы" аясында жаңа жобалар іске асуда

altaynews.kz

«Даму» Кәсіпкерлікті қолдау қорының қостанайлық филиалының ақпаратынша, бірінші жартыжылдықта «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жалпы құны 52,5 млрд. теңгені құрайтын 52 жоба Қор тарапынан қолдауға ие болған. Бұл туралы Қор менеджері Әсел Казакова мәлім етті. 

«Субсидиялау бойынша аймақтық үйлестіру кеңесі 5 млрд. 454 млн. 500 мың теңгенің 52 жобасын мақұлдады. 2 млрд. 840 млн. 900 мың теңгенің 66 субсидиялау келісімшартына қол қойылды. Кепілдендірілген 194,9 млн. теңгенің 27 жобасы қолдауға ие болды, 201,8 млн. теңгеге кепілдік шартына қол қойылды», - деді Ә. Казакова.

«Даму» Қорының өз бағдарламаларын жүзеге асыру аясында «Даму-Көмек» бағдарламасы бойынша 1-ші жарты жылдықта мүмкіндігі шектеулі 6 кәсіпкерге демеушілік қолдау көрсетілді.

Айта кетейік, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы (одан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері » атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген. Бағдарлама 2014 жылға дейінгі Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизмдерінің бірі болып табылады.

Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.

Бағдарлама екі кезеңмен жүзеге асырылатын болады:

1-ші кезең - 2010-2014 жылдар аралығында.  Яғни 2010 жыл Бағдарлама міндеттемелерінің шешілуі: жаңа бизнес-бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік секторды сауықтыру, шетелге тауар шығарушыларды қолдау сияқты үш бағыт бойынша іске асырылатын пилотты жыл болып табылады. 2011–2014 жж . міндеттемелердің шешілуі жаңа бағдарламаларды қолдау, шетелге тауар шығарушыларды қолдау сияқты екі бағыт бойынша іске асырылатын болады.

2-ші кезең – 2015-2020 жылдар аралығында жаңа бағдарламаларды қолдау, шетелге тауар шығарушыларды қолдау сияқты екі бағыт бойынша іске асырылатын болады.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасына әлеуетті қатысушылар үшін экономиканың басым секторлары:

а гро - өнеркәсіп кешені;

кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техникалық қызметтер*;

жеңіл өнеркәсіп және жиһаз шығару;

құрылыс материалдары мен металл емес өзге минералды өнімдер өндіру;

металлургия, металл өңдеу, машина жасау;

өзге өнеркәсіп секторлары (оның ішінде өзге дайын өнімдер шығару; электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа сорғызу; су жинау, өңдеу және тарату; канализация жүйесі; қалдықтарды жинау, өңдеу және тазарту, қалдықтарды іске жарату; қалдықтарды жою саласында қайта культивациялау)

көлік және қойма қызметі;

туризм;

ақпарат және байланыс;

кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет;

білім;

денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер;

өнер, көңіл көтеру және демалыс;

қызметтің өзге түрлерін (компьютерлерді, жеке пайдалану заттары мен тұрмыстық тауарларды жөндеу жұмысын) ұсыну.

* Осы техникалық қызмет түріне сыйақы үшін немесе шарт негізінде ұсынылатын тау-кен өндірісі өнеркәсібіне ілесіп жүретін мамандандырылған көмек жатады. Оған:

- руда үлгілерін өндіру және геологиялық зерттеулер жүргізу сияқты барлау жұмысының дәстүрлі әдістерін қолдана отырып, кен іздеу-барлау жұмыстары;

- ұңғыма және бұрғылау жұмыстарын игеру, мұнай ұңғымаларын бұрғылау сынағы немесе қайтадан бұрғылау;

- металл және металл емес минералдар өндіру ;

- мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау жөніндегі өзге қызметтер және олардың негізін құру жұмыстары, мұнай-газ ұңғымаларын цементтеу, тау жыныстарын алу , ұңғымалардан суды тартып шығару және оларды сваб арқылы шығарып алу, дренаж және суды насостармен шығарып алу, тау жыныстарын тазарту және т.с.с. қызметтер жатады.

Мынадай техникалық қызметтерге:

- операторлардың мұнай және газ өндіру орындарындағы қызметі;

- тау-кен өндірісі техникасына мамандандырылған жөндеу жұмысы;

- өндіру орындарынан тыс жерде жүзеге асырылатын табиғи газды тасымалдау мақсатында, оны сұйық ету және газсыздандыру;

- геофизикалық, геологиялық және сейсмикалық зерттеулер;

-кенішті немесе жерасты өндіру орындарын келісім-шарт негізінде басқару,

- келісім-шарт негізінде геофизикалық зерттеулер сияқты қызмет түрлері жатпайды.

Толық ақпарат Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышының (ГК РК 03-2007) 9- бөлімінде берілген.

Бағдарламаның іске асырылуы:

жаңа бизнес-бастамаларын қолдау; кәсіпкерлік секторды сауықтыру; өнімді шетке шығаруға бағдарланған өндірістерді қолдау сияқты үш бағыт бойынша жүзеге асырылады

Бағдарламаның іске асырылуының бірінші бағыты аясындағы мемлекеттік қолдау мынадай әрекеттерден :

1) жобаларды іске асыру үшін Банк кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау;

2) жобаларды іске асыруға бағытталған банк кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;

3) өндірістік (индустриалдық) инфрақұрылымды дамыту;

4) бизнесті жүргізуде сервистік қолдау көрсету;

5) кадр дайындау, жастар тәжірибесі және әлеуметтік жұмыс орындарын құру (компонент 2011 жылдан бастап енгізіледі) сияқты қызметтен тұрады.

Екінші бағыт аясында –кәсіпкерлік секторын жақсарту – мынадай қолдау көрсетіледі:

1) Борышкердің Банктерден бұрын алған кредиті (мақұлдау кезінде) және жоба мақұлданғаннан кейін туындайтын бір кредит желісі аясындағы жаңа берешегінің пайыздық мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау;

2) Борышкерге өсімпұлын есептеместен бюджет алдындағы (мекеме ұстап қалатын жеке табыс салығынан бөлек) салық берешегін өтеу мерзімін кейінге шегеру;

3) кәсіпорындарды қаржы-экономикалық жағынан сауықтыру жоспары аясында жақсарту, оның ішінде Қазақстан қор биржасында орналастырылған облигациялар бойынша ішкі кредиторлар алдындағы берешектері бойынша да өзге іс-шаралар.

Бағдарламаны іске асырудың үшінші бағыты өнімдерін сыртқы нарыққа шығаратын кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған.

Мемлекеттік қолдау Банктерден бұрын алынған кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау арқылы көрсетілетін болады.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа он жылдық- Жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейін Стратегиялық даму жоспарын іске асыру үшін енгізілген, дағдарыстан кейінгі дамудың бағыт-бағдарын айқындайтын, қолдаудың нақты тетіктері мен жолдары көрсетілген кешенді бағдарлама. Бағдарлама Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизмдерінің бірі болып табылады.

Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын ашу.

Бағдарламада нақты төрт бағыт қамтылған. Жаңа бизнес бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік секторды сауықтыру және шетке өнім шығаруға бағдарланған өндірістерді қолдау, кәсіпкерлік потенциалын күшейту. Мысалы, жаңа бизнес бастамаларды қолдау бойынша жаңа жобаларды іске асыру, экономиканың басым секторында жұмыс істейтін өндірісті жаңарту, жаңғырту немесе ұлғайтуға бағдарланған жобаларға кең қолдау қарастырылып отыр. Егер кәсіпкер осы анықтамаларға сай келетін болса, ол өзінің бұрыннан бар ауыртпалығы үлкен несиесін жеңілдетуге субсидия ала алады. Сондай-ақ, жаңа жобаларға берілетін кредиттер ішінара кепілдендіріледі. Яғни, кәсіпкер аймақтық маңызы бар жаңа жобаны бастағалы отырып, ол жобаны кепілмен қамтамасыз етуге мүмкіндігі жетпей отырған жағдайда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Қаржы агенті ретінде сол кәсіпкердің жарты тәуекеліне кепілдік береді. Мәселен, жоба 3 млрд. теңгелік ($20 млн.) болып бағаланса, кәсіпкердің банк алдындағы міндеттемесінің жарты бөлігіне мемлекет кепілдік береді. Ал кәсіпкер жобаның жалпы құнының 15 пайызын ақшалай немесе 25 пайызын мүлік түрінде қамтамасыз етуге тиіс. Бұл жерде, ең бастысы, банктің жаңа жобаға беретін кредитінің ставкасы 14 пайыздан аспауы тиіс. Ал, субсидияға келетін болсақ, бұрыннан бар өндірістер мен жаңа жобаларды банк мақұлдаса ол жобалардың да несиелік үстемесін 14 пайызға түсіруге тиіс. Сол кезде мемлекет «Даму» қоры арқылы оның 7 пайызына субсидия береді. Субсидия – бюджеттен берілетін қаражат түріндегі қайтарымсыз көмек. Айналып келгенде кәсіпкердің кредиттік ставкасы 7 пайыздан аспайтын болады. Банк несие беру немесе субсидиялауды мақұлдаған соң жоба Аймақтық үйлестіру кеңесінің де мақұлдауын алуға тиіс. 2010 жылы облыс әкімінің төрағалығымен Аймақтық үйлестіру кеңесі құрылған, оның құрамына қоғамдық ұйымдар, партия өкілдері, бизнес қауымдастық, банктер және «Даму» қорының өкілдері кіріп отыр. Үйлестіру кеңесі және экономика министрлігі мақұлдаған соң, «Даму» қоры субсидиялау, кепілдендіру шараларын іске асырады. Бұл субсидияның ай сайын, тоқсан сайын аударылып отыруын, ішінара кепілдік беру, жобалар мен банктердің қызметіне мониторинг жасау функцияларын «Даму» қоры тікелей атқарып отырады.

 «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру   жөніндегі Тараз қаласы бойынша іс-шаралар жоспары дайындалды, экономиканың басым секторына жататын кәсіпорындар тізбесі жасалынды.

Кәсіпкерлерге 2 әртүрлі семинарлар өткізіліп, баспасөз арқылы түсініктер берілуде, қала кәсіпкерлері облыстық 2 семинар-кеңестерге қатысты.

 «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру мақсатында қабылданған медиа-жоспарға сәйкес, «Жамбыл-Тараз» газетіне мақалалар берілуде. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы іс жүзінде» тақырыбымен 2 билборд және «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы кәсіпкерлерге қандай көмек береді» тақырыбымен 3 билборд, барлығы 5 билборд дайындалып, қаланың әр жерлеріне ілінді.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша қаладағы 2-і деңгейдегі банктерге 24  кәсіпкерлік тұлғалары өз жобаларын тапсырды, қазіргі уақытта қаржыландыру шешілгені жалпы құны  164,65 млн. тенгені құрайтын 7 жоба, оның ішінде 1 бағыт бойынша  2 жоба (86,8 млн. тенге), 2 бағыт бойынша 5 жоба (77,85 млн. тенге).

1-ші бағыт бойынша «Аулиеата Транспасс» ЖШС 76,8 млн. тенге несиені екі жылға 7% алып, 10 автобус алды, «Жамбыл» қонақ үйі ЖШС -10 млн.теңге  лифт жасау үшін,  2-ші бағыт бойынша ЖК Сарафинов 24,75 млн. тенге демалыс қызметін көрсетуге, ЖК «Айдаров» өндіріс цехын қайта жөндеп және негізгі құралдарды сатып алып жихаз шығаруға 12,0 млн.тенге, «Югстрой» ЖШС минералдық әртүрлі өнімдер, бетоннан жасалған құрылыс заттарын шығаруға 24,4 млн теңге, «ТаразПассТранс» қала ішінде және қалааралық жүргіншілер тасымалдауға 10,0 млн тенге, жеке кәсіпкер Азвестопуло жүк тасымалдау қызметін көрсетуге 6,7млн.теңге алды.

Аумақтық үйлестіру кеңесінде жалпы құны 176,63 млн. тенгені құрайтын 2 жоба мақұлданды, «Тараздизаинсұлу» ЖШС әдемілік салонын салуға және әкімшілік ғимаратын қайта жөндеуге 90,03млн. теңгеге, жеке кәсіпкер «Мурзахметова» металл шығару үшін 86,6 млн.теңгеге жобалары  келісім-шарттарға қол қойылған соң қаржыландырылатын болады.

Маусым айында аумақтық үйлестіру кеңесіне қарауға жалпы құны 20,0 млн. теңгенің 1 жобасы келіп түсті, 3 жоба күтілуде.  Халықбанктен жеке кәсіпкер Шолақованың қонақ үй бизнесіне 20,0 млн. тенге жобасына банк қорытындысы алынып, аумақтық үйлестіру Кеңесінің отырысына қарауға жіберілді. Цеснабанктен «Жамбыл метснаб» ЖШС-нің металл бұйымдарын жасауға құны 60,0 млн тенге және жеке кәсіпкер Қуанышбекованың қойма шаруашылығын кеңейтуге 8,1 млн. тенге жобаларының қорытындылары күтілуде. «Мәдениет және демалыс паркы» мекемесі «Қошмамбетов и К» ЖШС болып қайта құрылды, негізгі қорды толықтыруға 26,0 млн. тенге жобасына АТФ Банктен қорытынды алынды, тиісті құжаттарын реттеуде.

Банктерде қазіргі уақытта жалпы құны 629,2 млн. теңгені құрайтын  11 жоба қаралуда.

 «Тараз тарту» ЖШС жеміс-шырындарын шығару үшін 435,0 млн. тенгеге жобасын дайындап, «Альянс Банкке» өткізді, қазіргі уақытта ішінара кепілдік алуға қажетті құжаттар дайындалуда.

 Банк тұранәлемде «Мейірім» медициналық орталығының 21,0 млн. тенге және жеке кәсіпкер Байтуғановтың 14,4 млн. тенге, «Сенім» баспа орталығы» ЖШС 6,0 млн. тенге, «Азиястальпрокат» ЖШС 5,5 млн. тенге, БанкЦентркредитте жеке кәсіпкер Асқарованың 4,0 млн тенге, АТФ банкте «Тараз коммаш» ЖШС 23,6 млн тенге, «Тараз Гасыр» колледж 1,0 млн. тенге, Нұрбанкте «Тараз такси» ЖШС 54,4 млн. тенге, «Биномстрой» ЖШС 60,0 млн. тенге, Цеснабанкте жеке кәсіпкер Кадырханованың 4,3 млн тенге жобалары қаралуда.

Банктерге ұсынуға 4 жоба дайындалуда,  «Тараз» труба зауыты» және «Энерджи Тараз» ЖШС, «Модуль Е 2030» ЖШС, «Рысбаева и К» ЖШС «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша жобаларын дайындауда, басқа жобалармен тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Бағдарламаға жаңа жылдан бастап енгізілген «Кәсіпкерлік потенциалын күшейту» атты төртінші бағыт бойынша да жұмыстар атқарылуда, ақпарат құралдарына тиісті хабарландырулар берілді. Кадрлар даярлауға 122 тапсырыс және қайта даярлауға 387 тапсырыс, біліктілігін арттыруға 25 тапсырыс, кәсіпорындардың тегін сервистік қызмет алуға 18 тапсырыс, топ-менеджментке оқуға 3 тапсырыс, іскер байланыстар жобасына қатысуға 14 тапсырыс берілді, құжаттары бағыт операторы облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына жолданды.

8 маусымнан бастап біліктілігін арттыру курсы жүргізілуде, барлық 25 адам да Тараз қаласынан қамтылды.

Кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін 25 адамнан тұратын топ жинақталып, 14-15 маусымда «Бизнес-кеңесші» тренинг оқулары өткізілді.