$ 446.49  475.38  4.79

Қытайда қор нарығы құлдырап жатыр

Шанхай биржасындағы индекс таңертең 4,3 пайызға төмендеді, деп жазады 24.kz

Ал Гонконгтік қаржы институтындағы көрсеткіштер 0,5 пайызға, жапондық Никкей 1,1 пайызға азайды. Қор нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін Қытайдың Орталық банкі осы салаға 50 миллиард юань құятынын жеткізді. Ал кешегі сауда-саттықтың соңында акциялар жаппай сатылып, соңғы 8 жылдағы рекордтық құлдырау болды.

Хуан Цэньдун, Guojin Securities сарапшысы: - Инвесторлар үкіметтің бұл жағдайды реттейтініне сенім артып отыр. Меніңше, олар бұдан опық жейді. Себебі билік индекс көрсеткіштерінің өсуіне емес, өтемпаздықты арттырып, экономиканы тұрақтандыру жолында шаралар қабылдап жатыр.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары