$ 494.87  520.65  4.91

АҚШ-тың сыртқы қарызы 21,3 триллион доллардан асты

АҚШ-тың жалпы қарызының көлемі 21,3 триллион доллардан асты, оның ішінде 15,6 триллион доллары – үкіметтің еншісіне тиесілі деп жазады Азаттық.

Жақын болашақта борыш проблемасы АҚШ-тың бүкіл әлем бойынша әріптестерімен "сауда соғысы" көлеңкесінде қалуы мүмкін деп хабарлайды CNBC.

Трамптың уәдесі бойынша, экономикалық көрсеткіштер салықтың қысқаруы және шығынның ұлғаюына байланысты өсіп бара жатқан қарыз салмағына төтеп беруі тиіс болған. Бірақ, әзірге Трамптың әкімшілігі нарықтың үмітін ақтай алмай отыр деп жазады "Америка дауысы".

Экономикалық өсім серпілісі бюджет тапшылығын азайту үшін жеткіліксіз болып отыр деп санайды экономистер. Конгрестің бюджет басқармасы 2018 жылы бюджет тапшылығын қаржыландыруға 458 миллиард доллар жұмсалып, 2019 жылы бюджет тапшылығы 1 триллион доллар деңгейінде болады деген болжам айтады. Алайда кіріс көлемі шығыстан аз болып отыр.

Data Trek Research мәліметі бойынша, жеке тұлғалар мен корпорациялар 2018 күнтізбелік жылы 1,7 триллион доллар төлеген, бұл өткен жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда шамамен 17 миллиард долларға кем.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары