$ 445.66  474.58  4.78

БҚО шаруаларына жағдай жасалуда

Бүгінгі таңда Қа­­зақ­станның аграрлық саласында таби­ғи таза азық-түлік түрлерін өндіруге зор мүмкіндіктер бар. Сонымен қа­­­тар, ол өнімді өткізу нарығы да ке­ңей­іп отыр.

Ел тұрғындарының қырық пайыздан астамы ауылды жер­лерде тұратындығын ескерсек, азық-тү­лік шаруашылығындағы өнім өн­діру көлемі аз емес. Жалпы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға мемлекет тарапынан барынша жағдай жасалуда.

Таяуда БҚО аудандарында жұмыс сапарымен болған Парламент Мәжілісінің депутаты Шафхат Өтемісов шаруалармен кездесуінде осылай деді.

Облыстың Ақжайық ауданының Атамекен ауылдық округінде бау-бақша шаруашылығы жақсы дамыған. Мұнда өскен қарбыз-қауынды іздеп жүріп сатып алатын тұтынушылар көп. Алмалы ауылдық округі бойынша 67 шаруа қожалығы болса, соның 35-і бау-бақшамен айналысады. Халық қалаулысы қыр төсінде «Болашақ», «Жігер», «Райбек», «П-Аян», «Бақтияр», «Абылай» шаруа қожалықтары иелерімен жүздесті. Ш.Өтемісов «Болашақ» шаруа қожалығының иесі Өміржан Айтмағамбетовтың бақшасына жоғары баға берді. Еліміздегі түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы шаруашылықты өрістету, техника алу жолдарын заңдық тұрғысында түсіндірді. Атамекендегі шаруалардың кейбірі әлі күнге дейін мемлекеттік бағдарламалар жеңілдіктерін пайдаланбаған екен. Өз мүмкіндіктерінше, қолда бар қаржыларына бақша салып жүр. Бағбандар өнімдерін саттыққа шығаруда қиындықтар туып отырғанын жеткізді. Мәселен, кейде Орал қаласына апарған қауын-қарбызды сататын орын таба алмай қалады. Соның салдарынан алыстан арқаланып барған ауыр көліктер екі-үш күн тұралап қалады. Мәжіліс депутаты бұл жайтты тиісті органдарға жеткізетінін, мәселе көп кешікпей шешімін табатынын айтты.

Жаңақалалық шаруалармен кездесу кезінде «Бірлік мал зауыты» ЖШС-ның директоры Қ. Ешімов қой малына жіті көңіл бөлу керектігін, малшы тапшылығын, жанар-жағар май құнының шарықтап тұрғанын мәселе қылып көтерді. Халық қалаулысы бұл бағытта үкіметпен қолға алынып жатқан іс-шаралар туралы жан-жақты баяндап берді.

Ернар ХАЙДАР.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары