$ 446.49  475.38  4.79

«Ғарыш» сериясының тиындары шықты

ҚР Ұлттық Банкі 2015 жылдың 7-тамызында нейзильбер қорытпасынан жасалған «Ғарыш» сериясының естелік тиындарын шығарды. Бұл жөнінде ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Естелік тиындардың  тиражы — 100 мың дана. Диаметрі — 31 мм, салмағы — 11,17 грамм.

Беткі жағында әлем мен адамның бірлігін білдіретін композиция бейнеленген. Өткен мен бүгіннің байланысы көрініс тапқан. Оң жағында тиынның номиналы — «50 ТЕҢГЕ» деп жазылған.

Астыңғы бөлігінде Қазақстан ақша сарайының тауарлық белгісі бар. Айналасында қазақ тілінде ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ»  және ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу орналасқан.

Тиынның келесі бетінде жер шары орбитасына шыққалы тұрған «Буран» космопланының бейнесі бар. Жоғары жағында «БУРАН»  деп қазақша, ағылшынша «BURAN»  және де таңбаланған жылын білдіретін «2014» жыл бедерленген.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ақша #тиын