06.09.2018, 17:05

Доллар бағамы 380 теңгеге дейін жетті

Ақша айырбастау пункттерінде бір доллар 380 теңгеге сатылып жатыр, - деп жазады Tengrinews.kz.

Доллар 379-380 теңге аралығында сатылып жатыр. KASE қор биржасының күндізгі сессиясында ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 376 теңгеге дейін түскен еді. Астана уақытымен 19.02-де Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 77,56 доллар болды.