$ 498.51  522.84  4.81

Елімізде дизельдік отын арзандайды

Дизель отынының неге қымбаттағанын Энергетика министрлігі түсіндірді. Айтуларынша, жанармайдың көп бөлігі күзгі жиын-терімге жұмсалған. Еліміздегі мұнай өңдейтін үш зауыт та осы кездері жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, өндіріс көлемі азайған.

Дизель құнының көтерілуіне тағы бір себеп, ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін Ресейден 200 теңгеден жоғары бағамен сатып алынған. Сол да әсер етті дейді. Қазір ондай қиындықтар жоқ. Сондықтан, өз-өзімізді жанармайдың бұл түрімен толық қамтуға қауқарлы екенбіз. Бір жағынан, Энергетика министрлігі бүгінде баға нарығын реттемейді. Ол еркін айналымда. Осы күні 185-191 теңге аралығында тұр. Егер жазғы бағасына қайтып оралатын болса, шамамен 160 теңгеге түсуі керек. Әйтсе де дизельдің тым арзандап кеткені тиімсіз екен. Өйткені, көрші елдердің бәрінде қымбат. Бір экономикалық одақта болғандықтан олар талап алып кетуі мүмкін дейді министрлік өкілі.

Болат Ақшолақов, ҚР Энергетика вице-министрі: 

- Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы өте көп көлемін алады. 32,7 пайызы бүкіл өндіріп жатқан жанармайдың, әсіресе дизель отынының сол ауыл шаруашылығына жіберіледі. Қыркүйек және қазан айларында ауыл шаруашылығы жұмыстары бітеді. Қараша айынан бастап баға сәл төмендейді деп есептеп отырмыз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары