Экономика 04.09.2018 сағат 12:16  357

Мемлекет басшысы Алматы қаласының индустриялық аймағын аралап, «Falcon Eurobus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Алматыға барған болатын. Елбасы шаһардың жаңарған көшелерін аралап болғаннан кейін индустриалды аймаққа барып, қаланың экономикалық даму барысымен танысты.

Мемлекет басшысы Алматы қаласының индустриялық аймағын аралап, «Falcon Eurobus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстан Президентіне Алматы қаласының индустриялық аймағындағы жұмыс нәтижелері мен оны дамытудың перспективалық жоспарлары жөнінде мәлімделді.

Нұрсұлтан Назарбаев жоғары технологиялы ток өткізгіш кабель өнімдерін шығаратын «КМК Investment» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік циклімен, сондай-ақ дайын өнім үлгілерімен танысты.

Кәсіпорын жұмысшыларымен әңгімелескен Елбасы өндірісте еуропалық сапаға сай бәсекеге қабілетті өнім шығаруға мүмкіндік беретін заманауи технология мен құрылғылар қолданудың маңыздылығын атап өтті.

Мемлекет басшысы «Tokyo Rope Almaty» жауапкершілігі шектелу серіктестігінің зауытында металл габион торын жасайтын автоматтандырылған өндіріспен танысып, дайын өнім үлгілерін көрді.

Мұнан кейін Н.Назарбаев «Falcon Eurobus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды. Мемлекет басшысы зауыт жұмысы жөніндегі баяндаманы тыңдап, үшінші буын саналатын электрлі автобустар жасау өндірісінің технологиялық үдерісімен танысты.

Бұл жобаны іске асыруға 15 миллиард теңге көлемінде жеке инвестиция тартылды. Оған мемлекеттік қолдау арқылы Алматы қаласының әкімдігі тарапынан жер телімі бөлінген және 2 миллиард теңгеге сумен қамту және электр желілері тартылған.

Өнімділік қуаты жылына 100 электрлі автобус шығаратын зауыт 1 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтиды.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар