$ 498.34  519.72  4.85

Алматыға жаңа әуежай салу үшін шетелдік инвесторлар тартылады

Алматы маңында бой көтеретін жаңа әуежайдың қандай болатыны белгілі болды. ҚР Инвестициялар және даму министрлігі тілшілердің сауалына жауап бере отырып, аталған нысанның инвесторлар есебінен салынатынын жеткізді.

Вице-министр Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, Алматы іргесінде халықаралық авиациялық хаб бой көтереді екен.

«Алматы Қазақстанның туризм саласындағы халықаралық орталығы болып табылады. Сондықтан, мұнда заманауи әуежай инфрақұрылымы пайда болуы тиіс. «Ұлт жоспарының 100 нақты қадамы» жобасы аясында мұнда халықаралық авиациялық хаб салынады. Құрылысқа стратегиялық инвестор тартылады», - деді вице-министр Қайырбек Өскенбаев агенттіктің сауалына ресми жауабында.

Жоба операторы «МГ Холдинг» жобаны жүзеге асыру үшін Сингапур мемлекетінен қаржы тартумен айналысып жатыр. Ведомствода хабарлағандай, инвестициялық қауіпсіздік мақсатында «МГ Холдинг» Қазақстан мен Сингапур арасында арнайы келісімшарт жасалған. 

Қазір аталған құжат Сингапур үкіметінде қаралып жатыр.

«Жобаның негізгі талабы - 22 га жер учаскесін 100 жылға қайтарымсыз басқару құқығын беру болып табылады. Сонымен қатар, салықтық жеңілдіктер, кедендік  преференциялар, ерекше визалық режімді енгізу көзделген. Жеке әкімшілік территориясы бар серіктес қала тұрғызу да жоспарда бар. Онда «ағылшын құқығы» қолданылады. Сондықтан,  бұл ратификациялауды талап етеді», - деп жауап берді министрлік өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары