20.08.2015, 03:40

Қазақстан валюта дәлізін алып тастады

ru.electionsmeter.com

Кәрім Мәсімов валюта дәлізі алып тасталып, теңге бағамы еркіне жіберілетінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Бұл тыралы Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов үкіметтің селекторлы отырысы барысында мәлімдеп, Қазақстанның жаңа экономикалық саясатқа көшетінін айтты. Яғн, үкімет пен Ұлттық банк жаңа экономикалық саясатқа көшеді. 

Бұл валюта айырбастау курсының нығайып та, әлсіреп те кететінін көрсетеді.

Үкімет басшысының айтуынша, Ұлттық банк нарықтағы теңге бағамының сұранысына араласпайды.

«Біз бұған ұзақ дайындалдық. Өзге елдердің тәжірибесін қарадық. Ұлттық банк пен Үкімет 2015 жылдың 20 тамызынан бастап инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы шешім қабылдады», - деді премьер-министр Кәрім Мәсімов Үкімет отырысында.– деп Сондай-ақ, мұндай жағдай да Австралия мен Канаданың экономикасын бағдарда ұстау керектігін айтты.

Үкіметтің келесі отырысы сенбі, 22 тамыз күні өтетін болады.