$ 490.84  536.88  5.04

Алматыда сауда және қызмет көрсету секторы 60%-дан асады

Бүгін Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Жобалық қаржыландыру бағдарламасы аясындағы атқарылған жұмыстар» атты баспасөз мәслихаты өтті. Жиында биыл 22 жобаға пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша, сомасы 8 311 млн теңгені құрайтын келісімшартқа қол қойылғаны айтылды.

– Қазақстан бойынша 2018 жылдың 1 қаңтарынан 3 қыркүйегі аралығында 775 субсидия келісім шарттарына қол қойылды, қол қойылған жобалардың жалпы сомасы 89 990 млн теңгені құрады. Олардың ішінде, 2018 жылдың 8 ай бойынша Алматы қаласында 22 субсидия келісіміне қол қойылды, жалпы 8 311 млн.тг құрады. Өндіріс, көлік және қоймалау сияқты салалар жетекші орын алады. Мысал келтіретін болсақ, «Даму» қоры Жансая Абдумалик шахмат академиясының жобасын қолдады. Жансай Әбдімәлік - 4 жасынан бастап барлық жастағы балаларға арналған шахматтық кәсіби шеберлік білім беретін академия болып табылады. Студенттерге тәжірибелі жаттықтырушылар, спорт шебері кандидаттарынан 20 жылдан астам уақыт бойы балалармен жұмыс жасаған халықаралық гроссмейстерлер жаттықтырады. «Даму» қоры несиені субсидиялады және несие сомасының 50%-на дейін ішінара кепілдігін қолдады, банктегі кепілге салынған бөлігіне. Несие қаражатына Академия ғимаратты меншікке сатып алды, қажетті құрал-жабдықтарды сатып алды және жөндеу жұмыстарын жүргізді, – деді «Даму ҚД» АҚ Алматы қаласы филиалы директоры Мереке Сыздықов.

Сондай-ақ несиені кепілдендіруге мемлекеттік қолдау көрсету құралы бар, несие алған кезде кәсіпкерді кепілдемемен қамтамасыз ету керек. Егерде кәсіпкердің кепілдігі жеткіліксіз болса, «Даму» Қоры кепілдік береді,  яғни кепілдіктің жетіспеуін толықтырады. Жоба шеңберінде, жаңа ісін бастаған кәсіпкерге кредит сомасы 20 млн теңгеге дейін несиенің кепілдік мөлшері кредит сомасының 85%-нан аспайды, ал 15% айырмашылығын қолма-қол ақшамен немесе жылжымалы немесе жылжымайтын мүліктің кепілдік нысанын бастаушы кәсіпкер беруі тиіс. Ал жұмыс істеп жатқан кәсіпкер үшін Қор несие сомасының 50%-ға дейін кепілдік бере алады.

Алматы қаласында, сауда және қызмет көрсету секторларының 60%-дан астамын құрайтындықтан Алматы қаласының әкімдігі мен Даму Қоры бірлесіп «Жібек Жолы» атты өңірлік бағдарламасын іске асырды. Бұл бағдарлама «Бизнестің жол картасы-2020» аясында басымдық тізімге енгізілмеген сауда, сұлулық салондары, жатақханалар және басқа салалардағы кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасы 2015 жылдың мамыр айынан жұмыс істей бастады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары