$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда 206 тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары 257,1 млрд. теңгеге өнім өндірді

Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Қарлығаш Хужанақызы Әбдіжаббарова Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында брифинг өткізіп, басқарма атқарған шаруаларға шолу жасады.

Басқарма басшылығының айтуынша, Алматы қаласы Ауыл шаруашылық және ветеринария басқармасының есебінше, өткен жылы тамақ өнеркәсібімен айналысатын 206 кәсіпорын жалпы сомасы 257,1 миллиард теңгенің өнімін өндіріпті.

АӨК дамыту және ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу Алматы қаласының басымдығы болып табылады. Өйткені тамақ өнеркәсібі қаланың жалпы өңдеу өнеркәсібінің 40%-ын құрайды.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Алматыда тамақ өнеркәсібімен айналысатын 206 кәсіпорын 257,1 миллиард теңгеге өнім өндірген екен. Бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16%-ға артық.

2018 жылдың алғашқы тоқсанындаға есеп те едәіуір көз сүйіндіріп, көңіл марқайтарлық екен.

Биыл алып шаһар Алматыда 76,6 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Бұл жылдың алғашқы тоқсанындағы көрсеткіш. Оның ішінде азық-түлік өнімдері 63,2 миллиард теңгены құраса, сусын өнімдері 13,4 миллиард теңгені құрап отыр.

Соның ішінде азық-түлік өнімдері 42%-ға  немесе 147,2 миллиард теңгеден 208,5 миллиард теңгеге дейін артқан. Ал сусын өнімдері  60%-ға немесе 30,3 миллиард теңгеден 48,6 миллиард теңгеге ұлғайған.

Соныман қатар, биыл Алматы қаласы бойынша азық-түлік өнімдерін өндірудің негізгі капиталына инвестициялар тарту 10%-ға көбейіпті. Теңгеге шаққанда 4,2 миллиардтан 4,6 миллиардқа ұлғайған.

Аталған жоспарлы жұмыстар «Агробизнес 2017» АӨК субъектілерін қолдау бойынша  бағдарламасын іске асыру және Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр.  

Сондай-ақ, Әбдіжаббарованың айтуынша, қалада жылыжай салу жұмысы да дамып келеді екен. Мысалы, биыл 5 мыңтоннадай қуаты бар «BR BRAPK» ЖШС-нің 8 гектар жылыжай кешенін  кеңейту көзделіп отыр. Бұл жоба 8,5 млрд. теңгеге түседі деп күтілуде. Сосын 12 га. жерге «GreenAgroKz» ЖШС-нің 11,5 млрд. теңгелік көкөніс жылыжайы салынбақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары