Сарыағаштағы жылыжайлардың көлемі 440 гектардан асты. Бұл туралы Сарыағаш ауданының әкімі Бұхарбай Парманов мәлім етті. «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихатында ол ауданның алты айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қарқынына кеңінен тоқталып өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Б.Рысқұлұлы алғашқы жартыжылда ішкі аумақтық өнім көлемі 50,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 22,6 пайызға өскенін жеткізді.
Халық тығыз қоныстанған ауданда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер 25 мыңнан асып, осы салада салада еңбектенетіндер 44 мыңға жуықтаған. Аудандағы 440 гектар жылыжайда бес мың адам тұрақты еңбекпен қамтылған, ал жұмыссыздық 5,3 пайызды құрап отыр.
Жыл басынан ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім көлемі 17,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 5,8 млрд. теңгеге артты.
Аудандағы 142 мектепте 70 мыңнан астам оқушы оқиды. Апатты мектептердің санын азайту үшін қолға алынған нақты шаралардың нәтижесінде биылғы 1 қыркүйек -Білім күні қарсаңында тоғыз жаңа мектеп пайдалануға берілмек. Жалпы Сарыағаштағы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.