$ 494.87  520.65  4.91

ОҚО кәсіпкері қодас өсіруді қолға алмақ

Тропикалық аймақта өсетін түйеқұстар тау бөктерінде орналасқан Түлкібас ауданында өсіріле бастады. Африка құрлығынан өрбитін түйеқұсты ауданға «Нұрлыхан» шаруашылығы алып келді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Негізі түйеқұстың өнім­дері өте пайдалы. Бұл ша­руашылық қалдықсыз өнімге негізделген. Терісі, тұяғы, тұмсығы, еті, жұмырт­қасы, бәрі кәдеге жарайды. Бір түйеқұс бір қоймен пара-пар. Тез өседі, тез көбейеді. Тірі салмағының 60 пайызы еттен тұратын еті мейрамханаларында диеталық тағам ретінде ұсынылады.

Сондықтан кәсіпкер өнімі жақсы сұранысқа ие түйеқұстың бес жұбын Алматы қаласындағы шаруашылықтан сатып алған. Қалдықсыз өнім шығаратын бұл түйеқұстардың бойы 2-3 метр келеді. Ал, аталығының еті 100-150 келіге дейін жетсе, оның терісінің беріктігі піл мен қолтырауынның терілеріне пара-пар келеді. Оны аяқкиімдерді қаптауға, басқа да сәндік бұйымдарды жасауға пайдаланады. Сондай-ақ, сағатына 60-70 шақырымды жүгіріп өтетін түйеқұс құс атаулының ішіндегі ең жылдамы. Еті ем ретінде пайдалы, әсіресе, қан қысымы және қант диабетімен ауыратындар үшін мың да бір ем. Сондықтан, түйеқұсқа қызығушылық уақыт өткен сайын артуда деген кәсіпкер алдағы уақытта түйеқұстар әкеліп шаруашылықты кеңейтуді жоспарлап отыр. 

Сондай-ақ, «Нұрлыхан» шаруашылығы алма бауы мен балық шаруашылығын дамытса, алдағы күні сиыр тұқымдас қодас жануарын бағуды көздеп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары