29.09.2015, 08:16

20 және 50 мың теңгелік банкноттарды айналымға қашан енеді?

Қазақстанның Ұлттық банкі 20 000 және 50 000 теңгелі банкноттарды айналымға шығаруды жоспарлап отырған жоқ екендігін айтты.

Бұл туралы банктің баспасөз қызметінен хабарлады деп жазады ҚазАқпарат. 

Естеріңізде болса бұған дайін қолданысқа енгізіледі екен деген 20 мыңдық және 50 мың теңгелік банкноттардың суреттері жарияланған болатын.

 «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі қолма-қол ақша айналымының сұранысына байланысты жаңа ақша белгілерін шығару мәселесін қарастырған. Қазір айналымдағы теңге банкноттары Қазақстан Республикасындағы ақша айналымның қажеттілігін толық өтеп отыр. Сондықтан, қазіргі таңда 20 000 және 50 000 теңгелі банкноттарды айналымға енгізу жоспарда жоқ»,-деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.