Экономика 20.01.2019 сағат 08:34

Қытайлық компаниялар Қазақстанның солтүстігіне көз алып отыр

Солтүстік Қазақстан облысының билігі Петропавл қаласындағы құрылыс жұмыстарын қытайлық компанияларға ұсынды. Көрші елдің инвесторлары мұндай ұсынысты қуана қабылдап отыр. Олар облыс орталығына көпсалалы аурухана, көпқабатты үйлер мен жол салуға дайын екендіктерін айтты деп жазады Петропавловск.news.

Қытайлық компаниялар Қазақстанның солтүстігіне көз алып отыр
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Біз аурухана кешені мен тұрғын үйлер құрылысымен айналысуға қызығушылық танытып отырмыз, биыл кірісіп кетсек пе деген ой да бар. Қанша инвестиция қажет болады, бәрін салуға дайынбыз. Болашақта автожол салсақ деп жоспарлап отырмыз. Қазір Ауғанстанда құны 100 миллион доллар болатын автомагистраль, Тәжікстанда 22,8 миллион долларға электрозауыт салып жатырмыз. Өзбекстанда 200 миллион долларға цемент зауытын салуға кірісеміз. Бізді сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, химиялық зауыттар, мұнай саласы да қызықтырады», — дейді Shaanxi Cool Chemical инвестициялық құрылыс корпорациясының президенті Джан Гау Чин.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов болса қазіргі таңда солтүстікқазақстандық делегация Оңтүстік Кореяға барып, медициналық туризм бойынша тәжірибе жинап жатқанын айтты. Егер аурухана Сеул үлгісімен салынса, оған Ресей мен Қазақстанның өзге облыстарынан науқастар ағылар еді деді облыс әкімі қытайлық инвесторларға.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар