13.10.2015, 09:51

Тұрғындардың қарызын кешірген банктер салықтан босатылады

http://alashainasy.kz/

Екінші деңгейлі банктер 2016 жылдың бірінші шілдесіне дейін жеке кіріс салығынан босатылады, деп хабарлайды Астана.tv.

Бірақ ол үшін қаржы құрылымдарына тұрғындардың ипотекалық және тұрғын үй қарыздарын кешіру керек. Бұл туралы Сенат қабырғасында «Мемлекеттік салық саясатының өзекті мәселелерін» талқылаған Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев хабарлады. Министрдің айтуынша, салық заңнамасына енгізілген өзгерістер көлеңкелі экономикадағы қаржы айналымын азайтпақ.

«Ұлттық банктің ипотекалық және тұрғын үй қарыздарын кешіру бағдарламасына қатысатын екінші деңгейлі банктер 2015 жылдың бірінші қаңтарынан 2016 жылдың бірінші шілдесіне дейін жеке табыс салығынан босатылады. Елбасы тапсырмасына орай елде Ұлттық банктің ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы жүріп жатыр. Ол 131 млрд теңге. Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыратын барлық қаржы құрылымдары жеке табыс салығынан құтылады», дейді ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.