Қазақстанда 2019 жылдың ақпан айында жаңа баспананың шаршы метрінің бағасы тура өткен айдағы секілді орта есеппен 277 457 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.
Баспана бағасы 2018 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 0,6%, былтырғы қаңтар-ақпан айларымен салыстырғанда 3,1% өскен.
Қайта сатылатын абаттандырылған баспананың 1 шаршы метрі ақпан айында орташа 189 764 теңге (қаңтар айымен салыстырғанда 0,3%, 2018 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 0,6%, 2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,2% өскен), абаттандырылмаған баспана құны 119 107 теңге (+0,2%, +0,7% және +3,2% өскен) болды.
Жалға берілетін абаттандырылған баспананың 1 шаршы метрінің бағасы өткен айда орташа 1 431 теңгені құрады (+0,7%, +2,2% және +7,6%).