Үстіміздегі жылғы 15 шілдеде Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Қырғызстанға ресми сапары шеңберінде сол елдің сыртқы саяси мекемесінің басшысы Эрлан Абдылдаевпен кездесті, деп хабарлайды Skifnews.kz.
ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, келіссөздер барысында қазақстан-қырғыз екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі халі мен мүмкіндіктері, өңірлік ықпалдастық пен халықаралық күнт тәртібінің өзекті мәселелері қарастырылды. Сауда-экономикалық, инвестициялық, ауылшаруашылық және су-энергетикалық салалардағы екі жақты ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылау ерекше назарға алынды.
— Елдеріміздің экономикалық ынтымақтасуына зор мүмкіндіктер бар. Бізге сауда-экономикалық қатынастарды тереңдетіп, өзара сауданы барынша ынталандыру қажет», — деді Ерлан Ыдырысов.
Сонымен қатар, сыртқы саяси мекемелерінің басшылары өңірлік және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі мемлекеттердің көпжақты ықпалдастығының деңгейі мен мазмұнына қанағат білдірді.
— Қазақстан мен Қырғызстанның халықаралық сахнадағы серіктестік қатынастарын және екі мемлекеттің бастамаларына өзара қолдау көрсететінін атап өткім келеді», — деп атап өтті министр.