05.11.2015, 05:33

Доллар 300 теңгеден асты

Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы 300 теңгеден асты. Kurs.kz мәліметтері бойынша, шетелдік валютаның мұндай құны Алматыдағы ақша айырбастау орындарында сағат 10.50-дегі жағдай бойынша тіркелді.

KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 298,92 теңге болды. Бірінші келісім 291 теңгемен жасалды. Ең жоғары баға - 300. Сауда көлемі 100,8 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 22 мүшесі қатысты.

Айта кетейік, доллардың қымбаттауы ҚР Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Қайрат Келімбетов отставкаға кеткеннен бері жалғасып жатыр.