Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күні өткен сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 1 доллар үшін 377,97 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.
Сәрсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 1,01 теңгеге арзандады. Сессия барысында ең төменгі бағам 1 долларға - 377,2 теңге, ал ең жоғарысы 378,6 теңге болды. Сауда көлемі 148,36 млн долларға жетті.
Сәрсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 378,98 теңгені, күндізгі сессияда 379,06 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 379,01 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі - 90,093 млн доллар.