Экономика 24.04.2019 сағат 13:25

Республикада теңдесі жоқ «Бизнес-Супермаркет» Шымкентте ашылды

Шымкент қаласында елімізде теңдесі жоқ «Бизнес-Супермаркет» орталығының тұсауы кесіліп, өз жұмысын бастады. Енді бизнес өкілдері мемлекеттік қызметтің 45 түрі бойынша көмекті бір орыннан алуына мүмкіндік туып отыр.
Республикада теңдесі жоқ «Бизнес-Супермаркет» Шымкентте ашылды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Кәсіпкерлер мен инвесторларға «Бизнес-Супермаркеттегі» қызметтер электрондық форматта және «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетіледі. Бұдан бөлек кәсіпкерлер заңгерлік, бухгалтерлік қызметтерді, бизнес-жоспарлауды, бизнесті сүйемелдеу, логистика және рұқсат беру құжаттары бойынша қызметтер ала алады.

Нысанның ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов орталықтың кәсіпкерлерге мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетудің бірегей алаңына айналу қажет екенін атап өтті.

Бұл жобаның артықшылығы – бірнеше даму институттарының күшін біріктіреді. Олар «Даму КДҚ» АҚ өңірлік филиалы, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, «Shymkent ӘКК» АҚ және әкімдік басқармалары. Мұнан өзге мұнда CRM жүйесі бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Ол бюрократиялық кедергілерді, өтінімдер мен ұсыныстардың қарау мерзімдерін айтарлықтай қысқартады.

                                                                                                                                                        «SN.kz»-ақпарат.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар