$ 498.34  519.72  4.85

Мегаполис шаһарда 12,6 мың гектар алқапқа егін егілді

Шымкент – ауыл шаруашылығына ден қоюымен де ерекшеленетін қала. Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков 2019 жылдың 1-ші тоқсанында атқарылған жұмыстарды қорытындылады.

Басқарма басшысының айтуынша, ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 841 миллион теңгені құрап отыр.

– 2019 жылға бекітілген егіс құрылымына сәйкес, 24,1 мың гектар егіс егу жоспарланып, бүгінде нақты егілген егіс көлемі 12,6 мың гектар алқапқа жетті. Оның ішінде негізгі дақылдар: масақты дәнді дақылдар — 4,9 мың гектар, майлы дақылдар — 2,4 мың гектар және т.б. Бүгінде жалпы сомасы 25,1 миллиард теңгені құрайтын 35 жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша 12,8 миллиард теңгені құрайтын ауыл шаруашылығындағы 23 жоба бар, — деді басқарма басшысы Асқар Сәкенұлы.

Жалпы, жыл басынан бері қалада «Шарипов ЖК» жылыжай шаруашылығы іске қосылған. Инвестицияның жалпы сомасы 600 миллион теңгені құрап отыр.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Шымкент