Экономика 30.05.2019 сағат 17:17  349

Украинаның ең танымал телеграм-каналының иесі табыс сырымен бөлісті

Андрей Бродецкий Украинаның танымал «Технология, медиа және қоғам» телеграм-каналын жүргізеді. Бүгінде оны 31 мың адам оқиды. MEAT Studies онлайн-кеңістігіндегі лекциясында ол табысты Телеграм-каналды жүргізудің құпиясымен бөлісті.
Украинаның ең танымал телеграм-каналының иесі табыс сырымен бөлісті
Фото: netzoe.com
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Әлеуметтік желілер жақсылық әкелмейді

Әлеуметтік желілер бұрынғыдай қарқынды өсіп жатқан жоқ, адамдар біртіндеп мессенджерлерге көшу үстінде. Мәселен, Facebook желісі дамудың шегіне жетті десе де болады. Түрлі тауарларды жарнамалайтын желілер оқырман үшін қолайсыз кеңістікке айналды: әрбір алтыншы не жетінші жазба – жарнама. Бұл туралы 7kun.kz сайты жазады.   

Өз жазбаңызға танымайтын адамның пікір қалдыруы таныс сезім болар?! Сізге ақыл үйретіп, балағаттап, қолайсыз жағдайды тудырады. Бұл – достардың ортасы емес, түрлі үгіт-насихат пен жарнаманың алаңы. Facebook біртіндеп теледидарға айналып бара жатқандай.

Ал мессенджерлер мұндай мәселелерден құтқарады. Жарнама саны аз, пайдаланушы контенттің мазмұнын өз бақылауында ұстайды. Ешкім ұрыспайды, ешкім лайктар мен пікірлердің соңын қумайды. Мессенджерлердің оқырман үшін қолайлы болатын тұсы – осы.

Teлеграмның артықшылықтары

Телеграм ғаламтор желісімен жақсы байланысты талап етпейді, ешкімге пайдаланушы туралы жеке мәліметтерді бермейді. Бұл мессенджерде жойылып кететін жабық чаттар жұмыс істейді.

Телеграм-каналды қалай жүргізуге болады?

Ең алдымен оны жүргізудегі мақсатты анықтап алған жөн: біреулер достарымен түрлі мемдарды бөлісу үшін, кейбіреулер өзінің сыни пікірлерін жариялау үшін, кейбіреулер өз бизнесін дамыту үшін канал ашады. Сіз өзіңіздің не туралы жазып жатқаныңызды түсініп, сол нәрсені толық меңгеріп, тақырыптан ауытқымауыңыз қажет. Өз басым маркетинг туралы каналда ғарыш туралы жазылған ақпараттарды кездестірген болатынмын. Өйткені, автор екеуіне де қызығады.

Мессенджер – адамдардың контентті толығымен пайдаланатын платформасы. Ол сайтқа арналған сілтемелерден құралмауы керек. Каналды контентке арналған бірегей орынға айналдырған жөн.

Өзіңізді қолында қалта телефоны бар күнделікті күйбең тірлікпен айналысып жүрген оқырманның орнына қойып көріңіз. Жазбаның ішіндегі өзге жазбаларға деген сілтемелер оқырмандарды шошытып жіберуі әбден мүмкін. Адамдардың барлығы да 5-7 секунд бойы браузерден парақшаның ашылғанын күтіп отыруға дайын емес. Контент мейлінше қолданушыға жақын болуы керек. Кейде мен Телеграмда максималды рұқсат етілген 4 мың символға сиятын посттарды саламын. Оны барлығы соңына дейін оқымайды – тек 16-20 мың адам оқиды. Ал егер мен ол мәтінге сілтеме қосатын болсам, оны тек 2-3 мың адам ғана оқуы мүмкін.

Канал брендтің атынан емес, жеке тұлға атынан жүргізілетін болса, оқырмандары көбірек болады.

Оқырмандар мессенджерлер арқылы боттардан емес, тірі адамдардан хабарлама алып үйренген. Каналды жиі жаңартып, жазбалар салып отыру керек. Дұрысы – күніне 1-4 посттан салған жөн. Сонда ғана канал дамиды. Контентке көңіл бөлмей, жазба салмау қолданушылардың азаюуына әкеліп соғады.

 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар