Экономика 03.05.2019 сағат 17:47  200

Шымкентте 3 сотық жерден табыс табуға байланысты семинар ұйымдастырылды

Расында да, қала жағдайында 3 сотық жер телімінде 500 мың теңгеден жоғары табыс табу мүмкін бе? Осыған орай, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының Текесу елді мекенінде ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында семинар-шеберлік сабағы өткізілді.
Шымкентте 3 сотық жерден табыс табуға байланысты семинар ұйымдастырылды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының, маслихат депутатының, тұрғындардың және Алматы қаласынан келген арнайы мамандардың қатысуымен Әл-Фараби ауданы Текесу елді мекенінің №121 жалпы орта мектебінде «Social Farm» тұрақты егіншілік орталығымен қалалық жағдайдағы ауыл шаруашылығын дамыту тақырыбында семинар-шеберлік сабағы өткізілді. Семинар барысында үйіргелік (3-6 соттық) жер телімінде 500 мың теңгеден жоғары табыс табу немесе отбасылық жылдық азық-түлікпен қамтамасыз ету мүмкіндіктері көрсетілді. Бұдан бөлек еуропалық мәдениет, технологиялар, стандарттар және сертификаттар жөнінде баяндамалар оқылды. Тұрғындар тарапынан бағдарламалар бойынша жан-жақты сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.

«SN.kz»-ақпарат.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар