Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының, маслихат депутатының, тұрғындардың және Алматы қаласынан келген арнайы мамандардың қатысуымен Әл-Фараби ауданы Текесу елді мекенінің №121 жалпы орта мектебінде «Social Farm» тұрақты егіншілік орталығымен қалалық жағдайдағы ауыл шаруашылығын дамыту тақырыбында семинар-шеберлік сабағы өткізілді. Семинар барысында үйіргелік (3-6 соттық) жер телімінде 500 мың теңгеден жоғары табыс табу немесе отбасылық жылдық азық-түлікпен қамтамасыз ету мүмкіндіктері көрсетілді. Бұдан бөлек еуропалық мәдениет, технологиялар, стандарттар және сертификаттар жөнінде баяндамалар оқылды. Тұрғындар тарапынан бағдарламалар бойынша жан-жақты сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.
«SN.kz»-ақпарат.