ХХІІ Астана экономикалық форумында непалдық компания, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Данат Жумин, «Shymkent “ӘКК» АҚ Басқарма Төрағасы Рашид Аюпов пен «Kazakh invest» АҚ арасында ынтымақтастық туралы төрт жақты меморандумға қол қойылды. Инвестиция көлемі 60 миллион долларды құрайды.
«Happy land» аквапарк, SPA & Resort қонақ үйі, аттракциондар паркі, жабық ойын-сауық орталығы, табиғат паркі және гольф-клуб секілді алты сегменттен тұратын ең ірі заманауи, отбасылық ойын-сауық кластері саналады. Жобаның жалпы құны 20 миллиард теңгеден асады.
«SN.kz»-ақпарат.