27.05.2019, 22:06

Шымкент: Сыртқы жарнама орналастырудың жаңа ережесі бар

Жуырда Шымкент қаласында сыртқы жарнама орналастыру бойынша жаңа ереже күшіне енбек. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының Шымкент филиалында сыртқы жарнама саласы бойынша кәсіпкерлермен кездесті.

Б.Мамыталиев жиынның мақсаты жауаптылардың баннерлер, скроллдар, ЛЭД-экрандар, билбордтарының үлгілік ереже жобалары бойынша ұсыныстарын тыңдау екенін атап өтті. Жалпы алғанда, бүгінгі таңда Шымкентте сыртқы жарнаманың 80 пайыздан астамы ережеге сай келмейді. Техникалық шарттарды сақтамай орнатылған билбордтар жиі кездеседі.

– Осы саланы реттеуге қатысты ұсыныстарымыздың бірі – сыртқы жарнамаға арналған конструкцияға 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге жер беру. Бұл жерді жалға алушыларға тиесілі болатынын білдіреді. Қазір кәсіпкерлердің ұсыныстарын күтеміз. Қаламызда осы салада 20-дан астам кәсіпкер жұмыс істейді. Өкінішке қарай, кездесуге олардың бесеуі ғана келді. Егер айтарларыңыз бар болса, соңғы жобаға енгізу үшін барлық ұсыныстарыңызды жинақтап, "Атамекен" ҰКП ШФ арқылы сәулет басқармасына жолдаңыздар. Өйткені бизнесіңіздің дамуы осыған байланысты болмақ, – дейді Бауыржан Мамыталиев.

«SN.kz»-ақпарат.