Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында дүйсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Лондондағы ICE Futures биржасында тамыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 3,57 долларға арзандап, 60,9 долларды құрады.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) шілде айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 0,25 долларға төмендеп, бір баррелі 53,25 доллар болды.
Асхат Ахметбеков